Түркияның өсу болжамы жоғарлады

"Moody's" Түркия экономикасының 2024 жылы 3 пайыз өсетініне назар аударды.

2031678
Түркияның өсу болжамы жоғарлады

Халықаралық несие рейтинг агенттігі (Moody's) Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2,6 пайыздан 4,2 пайызға және келер жыл үшін 2 пайыздан 3 пайызға көтерді.

Рапортта түрік экономикасының биыл  4,2 пайыз, келер жылы 3 пайыздық өсімі күтілгені хабарланды.

Moody's мамыр айында жариялаған болжамдарында түрік экономикасының биыл 2,6 пайыз, келер жылы 2 пайыз өсетінін болжаған.

Рапортға «Жаһандық өсу 2023 жылы баяулайды және 2024 жылы тоқырауды жалғастырады. Егер үкіметтер мен орталық банктер экономиканы ағымдағы қиындықтарға қарсы бағыттай алса, 2024 жылы салыстырмалы тұрақтандыру кезеңі әлі де болуы мүмкін » деген мәліметтер енгізілді.



Ұқсас жаңалықтар