Түркия мен Ирак арасындағы «Даму жолы жобасы»

Насер әл-Аседи Иракта шығатын мемлекеттік «Ас-Сабах» газетіне мәлімдеме жасады.

2030102
Түркия мен Ирак арасындағы «Даму жолы жобасы»

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа ес-Суданидің көлік жөніндегі кеңесшісі Насер әл-Аседи Түркия мен Ирак арасындағы «Даму жолы жобасына» байланысты  келісімдерге қол қоятынын мәлімдеді.

Насер әл-Аседи Иракта шығатын мемлекеттік «Ас-Сабах» газетіне мәлімдеме жасады.

Газет Насер әл-Аседидің « Түркия мен Ирак арасындағы Даму жолы жобасына байланысты  келісімдерге жақын арада қол қойылады» деген сөздеріне орын берді.

«Бұл келісімдер Парсы шығанағын Түркия шекарасына апаратын автожол және теміржол жобаларын қамтиды» деген Насер әл-Аседи жоғарыда аталған автожолдар мен темір жолдардың Таяу Шығыс пен Еуропа арасындағы жүк тасымалдаудың негізгі жолы болатынын айтты.

Газет Түркияның премьер-министр Судани жариялаған «Даму жолы жобасына» үлкен мән бергенін де  жазған.

Ирак премьер-министрі Судани мамырдың аяғында Азияны Еуропамен байланыстыратын «Даму жолы жобасын» жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар