Дүниежүзілік банк Йеменде кеңсесін ашты

Йеменнің «SABA» ақпарат агенттігі Дүниежүзілік банктің Йеменде кеңсе ашқанын жариялады.

2028113
Дүниежүзілік банк Йеменде кеңсесін ашты

Дүниежүзілік банк 2015 жылдан бері жұмысын тоқтатқан Йеменде қайтадан үйлестіру кеңсесін ашты.

Йеменнің «SABA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда үйлестіру кеңсесі уақытша бас қала Аденде ашылды.

Дүниежүзілік банктің осы саладағы өкілі және жергілікті координаторы Семра Шайбанимен бас қосқан Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі Ваид Базиб «Адендегі үйлестіру кеңсесінің қайта ашылуы 2015 жылдан бері басылған алғашқы нақты қадам» деді.

Базиб Аденде кеңсенің ашылуы және жұмыстың басталуымен қайта құру және экономиканы қалпына келтіру жұмыстары аясында үкіметке тікелей қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Үйлестіруші Шайбани болса Дүниежүзілік банктің Йемен халқы мен мекемелеріне қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Йеменде Иран қолда берген хоуситтер 2014 жылы араларында бас қала Сана да бар көптеген қаланы басып алғаннан кейін Дүниежүзілік банк саяси және қауіпсіздік жағдайын алға тартып, 2015 жылдың наурыз айында елдегі үйлестіру кеңсесінің қызметін тоқтатты.



Ұқсас жаңалықтар