Құрғақшылық салдарынан кемелер тоқтап қалды

Су деңгейінің төмендеуіне байланысты кемелердің өтуіне шектеме келтірілді.

2027296
Құрғақшылық салдарынан кемелер тоқтап қалды

Қатты құрғақшылық Панама каналындағы көлік қозғалысын тоқтатты.

Атлант мұхитын Тынық мұхитпен байланыстыратын және әлемдік саудада маңызды орынға ие каналдағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты өту 32 кемемен шектелді.

Сөйтіп кемелер өте алмай каналдың екі жағында қалып қойды.

Каналдан өту кезегін күтіп тұрған 200-ден астам кемеде 200 миллион доллар шығын болады деп болжануда.

Панама каналы көптеген жүк жөнелтуші үшін, соның ішінде Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасында сауда жасайтын ірі бөлшек саудагерлер мен энергия компаниялары үшін шығын мен уақытын қысқартады.

Каналдағы  20 күндік шектеу 2 қыркүйекте аяқталады деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар