Түркия мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс

Қытай сыртқы істер министрі  Ван И Қытай мен Түркияның ортақ мүдделері мен ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеті бар екенін айтты.

2016784
Түркия мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс

Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Орталық Сыртқы істер комиссиясының директоры және Сыртқы істер министрі Ван И өз елінің Түркияның аймақта және халықаралық аренада маңызды рөл атқаруын қолдайтынын мәлімдеді.

«Global Times» газетінің хабарына қарағанда, кеше Түркия сапары барысында Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен Ван Қытайдың Түркия үкіметімен өзара стратегиялық сенім және үйлестіруді күшейту үшін жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Ван Фиданмен кездесуінде «Қытай Түркияның аймақтық және халықаралық аренадағы маңызды рөлін қолдайды және Түркияның ішкі істеріне кез келген сыртқы күштің араласуына қарсы» деді.

Түрік үкіметінің шақыруымен Түркияға келген Ван екі елдің ортақ мүдделері мен ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеті бар екенін айтты.

Қытай мен Түркияның энергетика, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту керек екенін атап көрсеткен Ван «Қытай Түркиядан жоғары сапалы өнімдерді көбірек импорттауға, екі ел арасындағы саудада жергілікті валютаның қолданылуына қолдау көрсетуге және Қытай компанияларының Түркияны дамытып, инвестиция салуына ынталандыруға дайын» ​​деді.



Ұқсас жаңалықтар