Түрік балы бірінші жартыжылдықта 46 елге экспортталды

АҚШ, Германия және Израильден бастап түрік балы 46 елге сатылды.

2013368
Түрік балы бірінші жартыжылдықта 46 елге экспортталды

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының мәліметтеріне қарағанда ара шаруашылығына қолайлы климаты бар Түркияның 6 айлық бал экспорты, 5 мың 119 тонна болып тіркелді. Бұл экспорттан 16 миллион 804 мың 88 доллар табыс түсті.

Аталған кезеңде АҚШ, Германия және Израильден бастап, түрік балы 46 елге сатылды.

Қаңтар-маусым айларында АҚШ-қа 7 миллион 220 мың 617 доллар, Германияға 2 миллион 347 мың 366 доллар, Израильге 1 миллион 923 мың 859 доллар бал экспортталды.

Өткен жылдың бірдей кезеңінен айырмашылығы болса, Сауд Арабиясы, Хорватия, Венесуэла, Швеция, Өзбекстан және Камерунға бұл кезеңде алғаш бал экспорты жасалды.



Ұқсас жаңалықтар