Чанаккалеге «Club Med-2» круиздік кемесі келді

Әлемнің әртүрлі елдерінен келген шетелдік қонақтар Троя Антикалық қаласын, Троя мұражайын және Ассосты, тарихи Галлиполи түбегін тамашалайды.

2005260
Чанаккалеге  «Club Med-2» круиздік кемесі келді

Чанаккале орталығындағы Кепез қаласында орналасқан портқа жыл соңына дейін 43 алып круиздік кемемен 20 мыңнан астам жолаушы келетіні жоспарлануда.

Чанаккале соңғы жылдары маңызды круиздік кемелердегі жолаушылар таңдаған туризм орталығына айналды.

Әлемнің әртүрлі елдерінен келген шетелдік қонақтар Троя Антикалық қаласын, Троя мұражайын және Ассосты, сондай-ақ тарихи Галлиполи түбегін тамашалайды.

Ұзындығы 187 метр болған француз жалауы бар «Club Med-2» кемесі әлемдегі ең үлкен желкенді круиздік кемелердің бірі болып табылады. Сыйымдылығы 305 жолаушыға арналған кемеде 302 жолаушы және шамамен 201 экипаж бар.

«Club Med-2» кемесінің екінші капитаны Адриен Гайлхак Чанаккале олардың таңдаған бағытындағы маңызды қала екенін айтты.

Гайлхак жолаушылардың көпшілігінің әсіресе осы жерді көргісі келетінін, Троя мен Тарихи Галлиполи түбегін аралап, аймақтың тарихына зерттеу жүргізуді қалайтынын білдірді.

«Club Med» компаниясының круиздік сауда менеджері Саида Дриди Чанаккалеге бұрын бірнеше рет жеке-жеке келу мүмкіндігі болғанын айтты.

Чанаккале туризмнің барлық түрін қабылдайтын сирек қалалардың бірі екенін атап білдірген Дриди:

"Бұл туристік бір қала. Теңізі бар, табиғаты көркем, олқы болған еш нәрсені көре алмадым. Адамдар осы қалаға келіп тамашалағысы келеді" деді.

«Club Med-2» Чанаккаледе биыл күтіп алған 16-шы кеме.

Биыл Чанаккале портында жалпы 43 кемемен 20 мыңнан астам жолаушы келуі мүмкін екені  межеленіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар