Түркияның теңіз ұлуы экспорты еселеп артты

Ең көп теңіз ұлуы 2 миллион 636 мың 526 доллармен Оңтүстік Корея Республикасына экспортталғанын айтқан Гүрдоған 1 миллион 727 мың 879 доллармен Қытай Халық Республикасы екінші орынды иелегенін білдірді.

2002785
Түркияның теңіз ұлуы экспорты еселеп артты

Түркиядан теңіз ұлуы экспорты жылдың қаңтар-мамыр кезеңінде 159 пайыз артып, 7 миллион 235 мың 437 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған жылдың алғашқы 5 айында Түркиядан 7 елге 723 тонна теңіз ұлуының экспортталғанын айтты.

Шетелдік саудадан 7 миллион 235 мың 437 доллар пайда түскенін білдірген Гүрдоған:

«Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 488 тонна өнімнен 2 миллион 796 мың 325 доллар кіріс кірді. Осыған негізделгенде экспорт саны жағынан 48 пайыз, құндық жағынан 159 пайыз өсті» деді.

Ең көп теңіз ұлуының 2 миллион 636 мың 526 доллармен Оңтүстік Корея Республикасына экспортталғанын атап көрсеткен Гүрдоған бұл елден кейін 1 миллион 727 мың 879 доллармен Қытай Халық Республикасы екінші орынды және 1 миллион 534 мың 884 доллармен Жапония үшінші орынды иелегенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар