Стамбул әуежайы рекорд жаңалады

20 сәуір ғарафа күні 1460 рейс орындалып, Стамбул әуежайынан 216 мың 995 адам сапарға шықты.

1978785
Стамбул әуежайы рекорд жаңалады

Стамбул әуежайы күнделікті рейстер мен жолаушылар саны бойынша рекорд жаңалады.

Стамбул Әуежайының операторынан жасалған мәлімдемеге қарағанда соңғы рет 19 сәуір сәрсенбіде 1460 рейспен 208 мың 66 жолаушыға қызмет көрсеткен Стамбул әуежайы 23 сәуірде 1548 рейс арқылы 224 мың 709 жолаушыға қызмет көрсетті.

2023 жылдың 20 сәуірінде Ораза айттың ғарафа күні бейсенбіде 1460 рейс іске қосылып, Стамбул әуежайынан 216 мың 995 адам сапарға шықты.

Ораза айттың бірінші күнінде барлығы 1390 рейс орындалған әуежайды 201 мың 47 адам пайдаланды.

Мерекенің екінші күні 1424 рейспен 217 мың 859 жолаушыны қабылдаған Стамбул әуежайы 23 сәуір жексенбі күні 1548 рейспен 224 мың 709 жолаушыға қызмет көрсетті.

23 сәуірдегі осы сандармен Стамбул әуежайы ашылғаннан бері ең көп күнделікті рейстер мен жолаушылар санына жетті.

Осыған сәйкес 20 сәуір мен 23 сәуір аралығында барлығы 5 мың 822 рейс орындалды, Стамбул әуежайынан барлығы 880 мың 610 жолаушы саяхатқа шықты.



Ұқсас жаңалықтар