Йеменге жанармай жолдады

Жанармай Йемендегі сауданы жандандыру үшін 70 электр стансасының жұмысына көмектеседі.

1972295
Йеменге жанармай жолдады

Сауд Арабиясы Йеменнің электр мұқтаждығын қамдау және сауда істерін жандандыру үшін 30 мың тонна жанармай жолдады.  Жанармай Йеменнің уақытша астанасы Аденге жетті.

Бұл туралы Сауд Арабиясының Йеменнің дамуы бағдарламасының есебінен хабарлама жарияланды. Бағдарлама аясында жолданған 30 мың тонналық жанармайдың Адендегі мұнай портына жеткені білдірілді.

Жанармай Йемендегі сауданы жандандыру үшін 70 электр стансасының жұмысына көмектеседі.

Йемен ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, директор орынбасары Ахмед әл-Яхия Қараша 2022-Сәуір 2023 аралығында Йеменге жасалған жанармай көмегінің шамамен 250 мың тонна екенін айтты.

Йемен үкіметі 29 қыркүйекте Сауд Арабиясынан 200 миллион долларлық жанармай қамдау үшін келісімге қол қойылғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар