Филиппинге тағы екі "T129 Атак" тікұшағы жолданды

"T129 Атак" тікұшақтарының Филиппин Әуе күштері тарапынан қабылдау сынақтары басталды.

1911052
Филиппинге тағы екі "T129 Атак" тікұшағы жолданды

Түрік Авиация және Ғарыш өнеркәсібі компаниясы нысандарындағы сынақ процестерін аяқтағаннан кейін Филиппинге тағы екі "T129 Атак" тікұшағын жіберді.

«ІІ кезең» инфрақұрылымында өндірілген "T129 Атак" тікұшақтарының Филиппин Әуе күштері тарапынан қабылдау сынақтары басталды.

Қабылдау сынақтары аяқталғаннан кейін тапсырып беру 2022 жылдың 3 желтоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.

Келісімшарт аясында Филиппин Әуе күштеріне алты тікұшақ жеткізетін Түрік Авиация және Ғарыш өнеркәсібі компаниясы үшінші және төртінші тікұшақтарды Филиппинге жолдады.

Соңғы айларда Филиппин Әуе күштеріне алғашқы екі "T129 Атак" тікұшағын жеткізген Түрік Авиация және Ғарыш өнеркәсібі компаниясы қалған екі тікұшақты 2024 жылы жеткізеді.



Ұқсас жаңалықтар