Жел энергиясымен электр өндіруде рекорд жаратылды

Түрік Электр Коммуникациясы компаниясының деректеріне қарағанда 21 қараша күні Түркияда 817 мың 296 мегаватт-сағат электр энергиясы өндірілді.

1909440
Жел энергиясымен электр өндіруде рекорд жаратылды

Түркияның жел энергиясынан электр қуатын өндіру 204 мың 375 мегаватт-сағатпен бұрын-соңды болмаған рекордқа жетті, ал желдің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 25 пайыз болды.

Түрік Электр Коммуникациясы компаниясының деректеріне қарағанда 21 қараша күні Түркияда 817 мың 296 мегаватт-сағат электр энергиясы өндірілді.

Жел электр станциялары өндірістегі 25 пайыздық үлеспен бірінші орынды иеледі. Жел электр станцияларынан кейінгі орындарды 24.7% импорттық көмір және 14.9% қоңыр көмір зауыттары алды.

Осылайша Түркияда жел энергиясынан өндірілген электр энергиясы 204 375 мегаватт-сағатпен бұрын-соңды болмаған рекордқа жетті.

Желден электр энергиясын өндірудегі соңғы рекорд 2 сәуірде 203.6 мегаватт сағатты құраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар