Түрік экономикасы өсіп келеді

ЭЫДҰ-ның 3-ші тоқсандағы жаһандық болжам есебінде түрік экономикасының 2024 жылы 3.4 пайыз өсуі межеленгені білдірілді

1909564
Түрік экономикасы өсіп келеді

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ) түрік экономикасының биылғы жылдың соңында 5.3 пайыз, келер жылы 3 пайыз өсетіні болжамын жасады. 

ЭЫДҰ-ның 3-ші тоқсандағы жаһандық болжам есебінде түрік экономикасының 2024 жылы 3.4 пайыз өсуі межеленгені білдірілді.

Хабарда түрік экономикасына қатысты:

«Қаржы саясаты энергия тұтынушыларын қолдау шаралары мен мемлекеттің өршіл әлеуметтік тұрғын үй жобаларын ескере отырып, жобаны процесс бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады» деп жазылды.

ЭЫДҰ елдері осы жылдың соңында 2.8 пайыз, 2023 жылы 0.8 пайыз және 2024 жылы 1.4 пайыз өседі деген болжам жасады.



Ұқсас жаңалықтар