Новак "Түркия арқылы Еуропаға газ экспорттауға болады" деді

Александр Новак Түркия арқылы Еуропаға 63 миллиард текше метр газ экспорттауға болатынын айтты.

1892984
Новак "Түркия арқылы Еуропаға газ экспорттауға болады" деді

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Түркия арқылы Еуропаға 63 миллиард текше метр газ экспорттауға болатынын айтты.

Александр Новак ел астанасы Мәскеуде өткен «Ресей энергетика апталығы» форумы аясында берген бағасында Түркия мен Ресейдің энергетика саласында өте жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.

Ресейдің Түркияның энергия орталығы болу ұсынысына тоқталған Новак «Түрік ағыны» қуаты 31,5 миллиард текше метрді құрайды. Оның бірі басқа елдерге экспорттауға арналған» деп көрсетті.

Овак «Орнын «Түркі ағынына» тастаған Оңтүстік ағын құбыр желісінің өз кезінде жиыны төрт желі арқылы жоспарланғанын. Бұл әлеует сұраныс болған жағдайда және тиісті құбырларды сенімді және қауіпсіз пайдалану мүмкін болған жағдайда, Қаратеңіз және Түркия арқылы еуропалық тұтынушыларға газ жеткізу үшін пайдалануға болатын қуат» деп көрсетті.

Александр Новак Түркияда Ресей газ орталығын құрудың бағалануы қажет мәселе екенін айтты.

Александр Новак «Егер мұндай қажеттілік болса және барлық тарап қызығушылық танытса, мұндай жобаны бағалауға болады деп ойлаймын» деген сөздер қолданды



Ұқсас жаңалықтар