Еуропа Одағы ресейлік олигархтардың активтерін бұғаттады

Еуропа Одағы ресейлік олигархтардың 14,6 миллиард еуролық активтерін бұғаттады.

1886946
Еуропа Одағы ресейлік олигархтардың активтерін бұғаттады

Еуропа Одағы Ресей-Украина соғысы басталған 24 ақпаннан бері ресейлік олигархтардың 14,6 миллиард еуролық активтерін бұғаттады.

Еуропа Одағы Комиссиясының Әділет комиссары Дидье Рейндерс Испанияның астанасы Мадридте  отырыста Ресей-Украина соғысы басталуына орай ресейлік олигархтардың ақшаларының бұғатталуына байланысты Еуроодақ елдерінің арасында әртүрлі көзқарастар болғанымен, осы уақытқа дейін 14 миллиард 600 миллион еуролық активтерін тоқтатты.

Дидье Рейндерс ресейлік олигархтардың активтеріне байланысты Венгрияның небәрі 3 мың еуроны бұғаттағанына қарамастан кейбір Еуропа Одағы елдерінде бұл көрсеткіш 1 миллиардтан 3 миллиард еуроға дейін екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар