Түркияның Ресейге экспорты артты

Ресей тамыз айында Түркияның ең көп экспорт жасаған алтыншы ел болды.

1877544
Түркияның Ресейге экспорты артты

Түркияның Ресейге экспорты тамыз айында 738 миллион 527 мың доллармен рекордтық көрсеткішке жетті.

Түркия экспортшылар одағының  деректерінен жиналған мәліметке қарағанда Түркияның Ресейге экспорты тамыз айында 738 миллион 527 мың доллармен барлық уақыттың ең жоғары айлық көрсеткішіне жетті.

Түркияның Ресейге экспорты осы кезеңде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 87,2 пайыз артты. Түркияның экспортындағы Ресейдің үлесі 3,5 пайыз болды.

Осылайша Ресей тамыз айында Түркияның ең көп экспорт жасаған алтыншы ел болды.



Ұқсас жаңалықтар