Бельгия кемежайында Ресейге баратын көліктер жиналып қалды

Бельгияның Зебрюдж кемежайында Ресейге бағытталған санкциялар себепті 8 мың көлік қамалып қалған.

1818677
Бельгия кемежайында Ресейге баратын көліктер жиналып қалды

Бельгияның ең үлкен порттарының бірі Зебрюджде Ресейге бағытталған санкциялар себепті 8 мың көлік күтіп тұр.

Бельгия Кеден басқармасы санкциялар себепті Mercedes, Audi, BMW, Cadillac, Lexus сияқты қымбат көліктермен бірге, Toyota, Ford, Volkswagen, Hyundai, Nissan және Suzuki сияқты жол талғамайтын "SUV" көліктері мен кемперлердің Ресейге жолдануына рұқсат бермеді.

Осы көліктер себепті Зебрюдж кемежайындағы автотұрақ толып кеткен. 

Кемежайда күтілген автомобильдердің сұраныстары Еуропа Одағы санкцияларынан бұрын берілген, алайда жолдауы кешіккен.

Еуропа Одағының 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысына орай наурыз айында атқарған  санкцияларға сай Ресейге 50 мың евродан жоғары бағадағы көліктерді жолдау шектелді.

Аталмыш көліктердің кемежайда қанша уақыт күтілетіні белгісіз, осы көліктердің заңдық құқығы да анық емес. 



Ұқсас жаңалықтар