Үй саудасында наурыз айында рекорд

Үш айда 320 мың 63 үй сатылды.

1812932
Үй саудасында наурыз айында рекорд

Түркия көлемінде үй саудасы өткен ай 2021 жылдың сол айымен салыстырғанда 20,6 пайыз артып, 134 мың 170-ке жетті.

Осы көрсеткіш қазірге дейінгі ең жоғары наурыз айы рекорды ретінде тіркелді.

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда наурыз айында үй саудасында Стамбул бірінші орында. Стамбулда 23 мың 974 дана тұрғын үй сатылды. Бұл ел көлеміндегі үй саудасының 17,9 пайызын құрайды.  Стамбулдан кейін 12 мың 609 үймен Анкара екінші, 8 мың 51 үймен Измир үшінші орында келеді.

Қаңтар мен наурыз айларындағы үй саудасы да 21,7 пайыз артты. Үш айда 320 мың 63 үй сатылды.



Ұқсас жаңалықтар