Түркия шай экспорты артты

Түркиядан осы жылдың алғашқы 2 айда 70 елге 3 миллион 40 мың 290 долларлық шай экспорт етілді.

1799183
Түркия шай экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының төрағасы Чаффет Калионджу Түркияның 2 айлық мерзімінде 1 мың 40 тонналық шай саудасын жасағанын білдіріп, аталмыш саудадан 3 миллион 40 мың 290 доллар кіріс түсіргенін айтты. 

Калионджу мемлекет шай экспортының 19 пайызының Ризеден жасалғанына назар аударды. 

Калионджу "Ризеден қаңтар-ақпан мерзімінде Бельгия, Голландия және  Солтүстік Кипр Түрік Республикасы қатарлы 12 елге 295 тонна шай экспорт етілді. Аталмыш экспорттан да  574 мың 569 доллар кіріс түсірген" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар