"Ресейге энергия санкциясы үстелде"

Джен Псаки:"Өзімізді емес Ресей президенті Путин мен орыс экономикасын жазалауға талпынудамыз" деді.

1788718
"Ресейге энергия санкциясы үстелде"

АҚШ-тағы Ақ үйдің баспасөз хатшысы (АҚШ) Джен Псаки Ресейге бағытталған сенкциялар аясында осы елдің энергия секторын нысанаға алған талғамның үстелде екенін айтты.

MSNBC телеарнасында қонақта болған Псаки Ресей мен Украина соғысы себепті орыс экономикасын нысанаға алған санкциялар жайлы мәлімдеме жасады.

Джен Псаки АҚШ-тың және басқа батыс елдерінің Ресейдің энергия секторына санкциялар жайлы сұраққа:

"Бұл жайлы ашық айтамыз. Мұны ойлаудамыз. Талғамымыз үстелде. Алайда оның әсерлерін өлшеуіміз керек" деді.

CNN-ге мәлімдемесінде Джен Псаки:

"Бұл санкциялардың жаһандық энергия нарқына және Америка халқының энергия қажетіне әсерін азайтуды ойлаймыз. Өзімізді емес Ресей президенті Путин мен орыс экономикасын жазалауға талпынудамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар