Ресей Еуропаға газ тасымалын арттырды

Газпром Украина арқылы Еуропаға табиғт газ тасымалын екі есе арттырғанын жариялады..

1771589
Ресей Еуропаға газ тасымалын арттырды

Ресей Газпром энергетикалық компаниясы Украина арқылы Еуропаға табиғт газ тасымалын екі есе арттырды.

Словакияның табиғи газ тасымалдаушы компаниясы Eustream-ның санағына қарағанда Украина шекарасындағы Велке Капусани жалғау түйінінен Словакияға орыс газы тасымалы артқаны білдірілді.

Украина арқылы Словакияға табиғт газ тасымалы 31 қаңтарда күндік 48.4 миллион текше метрге жетті. 1 ақпанда осы бағыт бойынша 80 миллион текше метр табиғи газ тасымалданады.

Ресей Украина арқылы табиғи газ жолдаған Польша бағытындағы тасымалды 19 қаңтарда тоқтатқан болатын. 

Санды мәліметтер жарияланғаннан кейін Еуропада басты орындағы Голландияда орналасқан виртуалды табиғи газ сауда нүктесі TTF биржасында  наурыздағы келісімшарттардың бағасы 8 пайыз төмендеді.



Ұқсас жаңалықтар