Ержиеске украиналық туристер келді

Украинадан Кайсериге келген туристер тобы Еркилет әуежайында гүлдермен күтіп алынды.

1753867
Ержиеске украиналық туристер келді

Жаңа жыл демалысын Ержиесте өткізуді таңдаған 208 кісілік украиналық топ ұшақпен Кайсериге келді.

Украинаның бас қаласы Киевтен тікелей ұшақпен Кайсериге келген туристер тобы Еркилет әуежайында гүлдермен және "Қош келдіңіздер!" деп жазылған жалаумен күтіп алынды. Қонақтар қонақасыдан кейін қонақ үйлерге орналасты.

Ержиес компаниясының Әкімшілік кеңесі төрағасы Мұрат Жахид Жынгы журналистерге мәлімдемесінде екі күннің алдында Польшадан келген туристер тобын күтіп алғандарын айтты.

Кайсери Ержиес Шаңғы орталығының қала әкімшілігінің инвестицияларымен халықаралық туризм орталығына айналғанын айтқан Жынгы:

"Ержиесте маусым жақсы басталды. Жаңа жылда 4 ұшақпен Ержиеске қонақтар келеді" деді.

Өткен жылы 15 мың украиналықты Ержиесте күтіп алғандарын айтқан Жынгы шетелдік туристердің қаланың экономикасына есе қосқанына назар аударды. 

Жынгы Ержиеске келген және келетін қонақтардың көңілді демалуына кепілдік берді.



Ұқсас жаңалықтар