Дөнмез: "Түркия бор кені сатылымында рекорд жаңартты"

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез мәлімдеме жасады.

1753773
Дөнмез: "Түркия бор кені сатылымында рекорд жаңартты"

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «2,5 миллион тоннасын экспорт құрайтын жалпы 2,6 миллион тонна бор кені өнімін саттық. Осында 1 миллиард доллардан астам бір сауда көрсеткішіне қол жеткізіп, рекорд жаңартылды» деді.

Анкарадағы «Эти Маден» Бас дирекциясында өткен «Бор» семинарында Түркияның әлемдік бор нарығының көшбасшысы екеніне назар аударған министр Дөнмез «2021 жылғы эпидемиялық жағдайға қарамастан бор кені өндірісінде, экспорт және сату бойынша рекорд жаңарттық. Барлығы 2,6 миллион тонна бор кені өнімдерін саттық, оның 2,5 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Осында 1 миллиард доллардан астам бір сауда көрсеткішіне қол жеткізіп, рекорд жаңарттық. Бүгінде бор кені нарығының 62 пайызын еліміз қамтамасыз етеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар