Түркияның жүзім экспорты артты
Маниса-Измир-Денизли аймағында 60 мың өндіруші 1 миллион 100 мың гектар жүзім бағы алаңдарында «Сұлтание» атты жүзім өсірді.
1731489
![Түркияның жүзім экспорты артты](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/babc/034d/0743/5b4470c0e1127.jpg?time=1718755318)
Түркияның жүзім экспорты қаңтар-қазан маусымында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 36 пайыз артып, 118 миллион доллардан 160 миллион долларға ұласты.
Эгей жеміс-жидек экспортшылар одағы төрағасы Хайреттин Учак жасаған жазбаша мәлімдемесінде Маниса-Измир-Денизли аймағында 60 мың өндірушінің 1 миллион 100 мың гектар жүзім бағы алаңдарында «Сұлтание» атты жүзім өсіргенін білдірді.
Учак жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарамастан жүзім сұраныстың артқанын және Түркияның 2020 жылы 158 миллион долларлық жүзім экспортын жасағанын баяндады.
Ұқсас жаңалықтар
![«Fitch Ratings» Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2,8 пайыздан 3,5 пайызға арттырды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/b603/1b08/b185/653badad1af7e.jpg?time=1718755319)
«Fitch Ratings» Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2,8 пайыздан 3,5 пайызға арттырды
«Fitch Ratings» жаһандық экономикалық болжам рапортының маусым айындағы санын жариялады.