Түркия мен Нигерия арасындағы сауда көлемі артты

Сауда министрі Муш "2003 жылы Түркия-Африканың сауда көлемі 5,4 миллиард доллар болса, 2020 жылына келгенде 25,3 миллиард долларға ұласты" деді.

1722940
Түркия мен Нигерия арасындағы сауда көлемі артты

Сауда министрі Мехмет Муш Түркия мен Африка арасындағы экономикалық қарым-қатынастарының 2003 жылы "Африка елдерімен сауда және экономикалық қарым-қатынастарының дамытылуы стратегиясының" іске қосылуымен тез қарқынды түрде дамығанын білдірді.

Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі мен Нигерия сауда және өнеркәсіп палаталары федерациясы бірлесе отырып, Нигерияның астанасы Абуджада "Түркия-Нигерия Бизнес Форумын" ұйымдастырды.

Форумға Сауда министрі Мехмет Муш, Нигерия сауда, өнеркәсіп және инвестиция министрі Отунба Нийи Адебайо, Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі төрағасы Наил Олпакпен қатар көптеген іскер қатысты.

Министр Муш бұл жерде жасаған баяндамасында Африка құрлығымен экономикалық қарым-қатынастарының 2003 жылы "Африка елдерімен сауда және экономикалық қарым-қатынастарының дамытылуы стратегиясының" іске қосылуымен тез қарқынды түрде дамығанын баяндап, "2003 жылы Түркия-Африканың сауда көлемі 5,4 миллиард доллар болса, 2020 жылына келгенде  25,3 миллиард долларға ұласты" деді.

Түркияның Африкаға экспортының 2 миллиард доллардан 15 миллиард долларға шыққанын түсіндірген Муш импорттың болса,3 миллиард доллардан 10 миллиард долларға көтерілгенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар