Нью-Йоркта түрік жәрмеңкесі ашылды

Қаңтар-шілде айларында АҚШ-тың Қытайдан импорты 46 пайыз азайған кезде Түркияның АҚШ-қа экспорты 57 пайыз артты.

1712181
Нью-Йоркта түрік жәрмеңкесі ашылды

Түрік текстиль жәрмеңкесі "I of the World" АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ашылды.

АҚШ-тың басты дайын киім өндірісшілері, дизайнерлер мен тоқыма дистрибьюторларын бір шаңырақ астына жинауды мақсат еткен жәрмеңке Түркияның  28 тоқыма компаниясының қатысуымен Стамбул Текстиль және шикізат экспортшылар одағы тарапынан ұйымдастырылды. 

Стамбул Текстиль және шикізат экспортшылар одағы Әкімшілік кеңесінің төрағасы Ахмет Өксуз Нью-Йоркта тұңғыш рет 2020 жылы қаңтарда ұйымдастырылған және  6 айда бір мәрте өткізу жоспарланған "I of the World" жәрмеңкесін жаңа типті коронавирус індеті себепті екінші мәрте ұйымдастырғандарын білдіріп, осыған қарамай түрік текстиль секторының экспортта ірі нәтиже жаратқанын айтты. 

Ковид-19 кезеңі түрік текстиль секторына пайдалы болғанын тілге тиек еткен Өксуз:

"Жаһандық өреде әлемдегі нарық үлесіміз артты. АҚШ-та ең үлкен 9-шы қамдаушы орыннан 8-ге көтерілдік.  Қаңтар-шілде айларында АҚШ-тың текстиль импорты 18 пайыз азайды.  Осы кезде Қытайдан импорт 46 пайыз азайды, Түркияның АҚШ-қа экспорты 57 пайыз артты" деді.

"I of the World" жәрмеңкесі ертең аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар