Газпромның табиғи газ экспорты артты
Түркияға экспорт жылдың алғашқы 6 айында өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 209.3 пайыз артты.
Орыс энергия компаниясы Газпром табиғи газ өндірісінің жылдың алғашқы 6 айында өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 18 пайыз артып, 260.8 миллиард текше метрге, экспорттың 25.7 пайыз артып, 99.9 миллиард текше метрге жеткенін хабарлады.
Газпромнан жасалған мәлімдемеде Газпром табиғи газ өндірісі жылдың алғашқы 6 айында 18 пайыз артып, 260.8 миллиард текше метр ретінде тіркелгені білдірілді.
Осы кезеңде компанияның Тәуелсіз Мемлекеттер достастығынан тыс елдерге табиғи газ экспорты өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 25.7 пайыз артып, 99.9 миллиард текше метрге жетті.
Түркияға экспорт жылдың алғашқы 6 айында өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 209.3 пайыз, Германияға 43.4 пайыз, Францияға 15.1 пайыз және Румынияға 264 пайыз артты.
Ұқсас жаңалықтар
Министр Болат: "АҚШ-пен сауда көлемі артып келеді"
Сауда министрі Өмер Болат Стамбулда өткен «Trade Winds» атты іс- шарада үн қатты.
Түркия бірінші тоқсанда 1,5 миллиард доллар инвестиция тартты
Халықаралық инвесторлар қауымдастығы тікелей халықаралық инвестиция көрсеткіштерін жариялады.