Бор кенінен крем өндірді

Медициналық ғылымдар факультетіндегі ғалымдар бор кенінен жара және тері үшін крем жасап шығарды.

1666248
Бор кенінен крем өндірді

Түркияның Болу қаласында Абант Иззет Байсал Университеті Медициналық ғылымдар факультетіндегі ғалымдар бор кенінен жара және тері үшін крем жасап шығарды.

Жобаның жетекшісі Медициналық ғылымдар факультетінің деканы Проф. Др. Арзу Илче бор кенінің әлемдік резервінің 73 пайызының Түркия жерінде екенін еске салып,  мұның ел үшін маңызды ресурс екенін айтты. Ол  бордың косметика, металлургия, ұшақ өнеркәсібі, энергия, егіншілік, медицина секілді көптеген салада қолданылғанын айтты. 

Университет ректорының орынбасары Проф. Др. Камил Гүрел де көптеген салада қолданылған бор кенінің медицинада өте пайдалы екенін атап айтты. Ол университет ғалымдары жасап шығарған кремнің пантентін алу үшін өтінім бергендерін білдірді.


Этикеттер: #жара , #бор , #крем , #ғалым , #Болу

Ұқсас жаңалықтар