Мысырмен құнақы жөнінде келісті

Хабарламада Мысырға төленетін құнақы жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

1663966
Мысырмен құнақы жөнінде келісті

Мысыр Суэц каналындағы теңіз қатынасын алты күн бойы тоқтатып қойған «The Ever Given» атты жүк кемесі жол ашқан шығынның өтелуі үшін кеме фирмасымен құнақы тақырыбында келісті.

Кеме фирмасы атынан Лондондағы заң фирмасы жазбаша хабарлама жариялады.  Хабарламада соңғы бірнеше апта ішінде Суэц каналының келіссөз комитетімен ауқымды кездесулер жүргізілгені, артынан екі тараптың келісімге келгені айтылды.

Хабарламада Мысырға төленетін құнақы жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Суэц каналы басқармасының басшысы Усаме Раби 1 сәуір күні қайырға отырған кеменің фирмасынан 1 миллиард доллар талап етілетінін айтып, алайда осы көрсеткіш кейіннен 550 миллион долларға түсірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар