Індеттен кейін экономикалық жағдай нашарлады

Коронавирус жаһандық экономиканы астаң-кестең етті және ақша құнсызданып, несиені төмендетті.

1598914
Індеттен кейін экономикалық жағдай нашарлады

Халықаралық несие дәрежелендіру ұйымы Moody's көптеген ел экономикасының  2022 жылға дейін жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен бұрынғы іс-шаралар өресіне орала алмайтынын білдірді.

Халықаралық несие дәрежелендіру ұйымынан жасалған мәлімдемеде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 2020 жылы 11 наурызда жаңа типті коронавирусты (Сovid-19) індет деп жариялағаннан бергі бір жылда вирустың жаһандық экономиканы астаң-кестең еткені және ақша құнсызданып, несиені төмендеткені ескертілді.

Коронавирус індетінің әлі де көптеген сектор мен ел үшін несие қаупін жаратып отырғанына меңзелген мәлімдемеде биыл 2022 жылмен салыстырғанда дәрежелендіру жұмыстарының азаятыны межеленді.

Індеттің әсері азайғанына, алайда жойылмағанына назар аударылған мәлімдемеде:

"Көптеген ел экономикасы 2022 жылға дейін жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен бұрынғы іс-шаралар өресіне орала алмайды" деп көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар