Түркияға 2020 жылы 81 миллионнан астам жолаушы келді

Әуежайларда желтоқсанда ішкі рейстерде 37 мың 623 тонна, сыртқы желілерде 180 мың 980 тонна, жалпы 218 мың 603 тонна жүк тасылды.

1559474
Түркияға 2020 жылы 81 миллионнан астам жолаушы келді

Түркия көлеміндегі әуежайларда 2020 жылы қызмет берілген жолаушы саны 81 миллион 657 мың 70 кісі ретінде тіркелді. 

Қатынас және Инфрақұрылым министрлігі Мемлекеттік әуежайлар компаниясы 2020 жылы желтоқсандағы әуежолы ұшақ, жолаушы және жүк тасымалы статистикасын жариялады.

Санаққа қарағанда Түркия көлеміндегі әуежайларда 2020 жылы желтоқсанда қызмет берілген жолаушы саны ішкі рейстерде 2 миллион 956 мың 528, сыртқы рейстерде бір миллион 924 мың 772 болды.

Осы мезгілде төте трансит жолмен келгендермен бірге жалпы жолаушы саны 4 миллион 883 мың 520 кісі деп тіркелді.

Әуежайларда үшып-қонған ұшақ саны ішкі рейстерде 41 мың 979, сыртқы рейстерде 19 мың 955 болды.

Қызмет өтелген жалпы ұшақ саны 77 мың 288 ретінде тіркелді.

Әуежайлардағы жүктер (карго, почта, багаж) өткен жылғы желтоқсанда ішкі рейстерде 37 мың 623 тонна, сыртқы желілерде 180 мың 980 тонна, жалпы 218 мың 603 тоннаға жетті.   



Ұқсас жаңалықтар