БАӘ ядролық реактормен электр өндірді
Біріккен Араб Әмірліктері елдің электр қажетін қамдау мақсатымен салынған 4 ядролық реактордың біреуі іске қосылғанын жариялады.
Біріккен Араб Әмірліктері елдің электр қажетін қамдау мақсатымен салынған 4 ядролық реактордың біреуі іске қосылғанын жариялады.
Президенттің орынбасары, премьер-министр және Дубаи әмірі Шейх Мұхаммед ибн Рашид аль Мактум Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде:
"Қызметкерлеріміз жанармай толтыру және көлемді сынақтардан кейін операцияны табыспен аяқтады" деді.
Мактум нысаналарының реакторлардың барлығын іске қосу екенін, осылайша елдегі электр қажетінің 25 пайызы қамдалатынын хабарлады.
"Бараках" реакторының жұмысқа түсуімен 9 миллион жан саны бар Біріккен Араб Әмірліктері ядролық энергия арқылы электр өндірген тұңғыш араб елі болды.
Біріккен Араб Әмірліктері 2023 жылға дейін Баракахты қамтыған 4 реакторға ие болуды нысанаға алды.
Реакторлардың жалпы құны 25 миллиард долларға жететіні мөлшерленуде.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбулда аккумулятор шығаратын зауыт ашылды
Стамбулда аккумулятор шығаратын зауытты Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр ашты.