Қаратеңізде бұрғы басталды

Бұл туралы министр мәлімет етті.

1458225
Қаратеңізде бұрғы басталды

 

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Фатих» бұрғылау кемесінің Қаратеңізде алғашқы бұрғылауды Туна-1 орнында бастағанын мәлімдеді.

Дөнмез өзінің Twitter-дегі жазбасында Қаратеңіздегі табиғи газ және мұнайға байланысты «Егер бар болса, біз оны міндетті түрде табамыз» деді.

Түркияның энергетикалық тәуелсіздігі үшін теңіздің әрбір шаршы метрінде іздеу жүргізілетінін білдірген министр: «Біздің халқымыздың дұғасы және қолдауымен «Фатих» өзінің алғашқы бұрғысын Қаратеңізде Туна-1 деген жерден бастады» деді.

«Фатих» бұрғылау кемесі Стамбулдан Трабзон айлағына 29 мамырда жөнелтілді.



Ұқсас жаңалықтар