Түріктің аппараттары Бразилияда
Бразилияның Бутанта институты Түркияда өндірілген жиһаздарды импорттады.
![Түріктің аппараттары Бразилияда](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/0b59/89d4/bbfd/5eeda7e7188d1.jpg?time=1719143206)
Бразилияның Сан Пауло уәлаятындағы Бутанта институты Қытайдан сатып алынған тыныс алу аппараттары жетпегендіктен, Түркияда өндірілген жиһаздарды импорттады.
Коронавирус эпидемиясы салдарынан 48 мыңға жуық өлім және 978 мыңнан астам адам вирус жұқтырғаны тіркелген Бразилия реанимациялардағы жедел мұқтаждықты қамдау үшін шетелден тыныс алу аппараттарын сатып ала бастады. Қытайдан сатып алынған жиһаздар келіп жетпегендіктен, лауазым иелері тыныс алу аппараттарын алу үшін дереу Түркияға бағытталды.
Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияда өндіріліп, Бразилияға сатылған отандық тыныс алу жиһаздардың суреттерін әлеуметтік желіде жариялап: “Түркиядан 11 мың км қашықтықта бір ауруханада 'Made in TÜRKİYE' деп жазылғанын көру мақтаныш емес пе?” деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
![Мехмет Шимшек Лондонға барды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/77b9/3647/7807/6672957c7cbc9.jpg?time=1719143206)
Мехмет Шимшек Лондонға барды
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек инвесторлар және несие рейтинг агенттіктерімен кездеседі.