Ерсой "Сенімді туризм сертификаттау бағдарламасын" таныстырды

Түркияның коронавируспен күрес процесінде бастаған "Сенімді туризм сертификаттау бағдарламасы" халықаралық назарды Түркияға  аударды.

1434285
Ерсой "Сенімді туризм сертификаттау бағдарламасын" таныстырды

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес процесінде бастаған "Сенімді туризм сертификаттау бағдарламасы" халықаралық назарды Түркияға  аударды.

Мәдениет және Туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Еуропа Одағына мүше елдердің өкілетті елшілеріне  Түркиядағы "Сенімді туризм  сертификаттау бағдарламасын" таныстырды.

Министр Ерсой  сенімді туризм демалыс қызметтерін түсіндіру үшін Еуропа Одағына мүше елдердің өкілетті елшілерімен видео конференция ұйымдастырды.

Түркияда демалуды қалайтын туристердің әуежайға келуімен басталатын қызметтер, ұшақтардағы жаңа тәртіптер, қонақ үйлерде қолданылатын жүйелер, вирус жұқтырған қонақтар үшін жасалатын шаралар, демалыс орындары мен тур операторларының  осы процесте нелер істейтіні тақырыптарын толық түсіндірген Ерсой елшілердің сұрақтарына да жауап берді.

Еуроодақтың Түркия басшысы Кристина Бергер мен елші Элефтерия Презинидоның қатысуымен өткен кездесуде өкілетті елші өресінде қатысқан елдер Швеция, Финляндия, Голландия, Бельгия, Латвия, Австрия, Люксембург, Польша, Словения, Италия, Франция, Испания, Дания, Германия, Грекия, Болгария, Румыния, Эстония, Словакия, Ирландия және Венгрия болды.



Ұқсас жаңалықтар