Әлемдік алпауыттар тыныс алу аппараттарын өндіреді

Автомобиль компаниялары жасанды тыныс алу аппараттары мен басқа да медициналық жиһаздарын өндіре бастайды.

1384260
Әлемдік алпауыттар тыныс алу аппараттарын өндіреді

Халықаралық автомобиль компаниялары жаңа типтегі коронавирус эпидемиясымен күрес шеңберінде жасанды тыныс алу аппараттары мен басқа да медициналық жиһаздарын өндіре бастайды. 

BBC-де жарияланған хабарларға қарағанда,  Америка Құрама Штаттарында General Motors, Ford және  Tesla коронавирус науқастары үшін маңызды аппараттардың өндірілуі үшін мүмкіндіктерді жұмылдыратындарын хабарлады. 

АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы жасанды тыныс алу аппараттарын өндіру үшін басқа жиһаздарды өндіруді азайтатындарын білдірген болатын. 

Жапонияның автомобиль өндірушісі Nissan да АҚШ-тың спорттық көлік өндірушісі McLaren және ағылшын қорғаныс компаниясы  Meggitt-пен бірге тыныс алу аппаратын өндіру үшін серіктестік құрған болатын. 

Әлемдегі ең ірі трактор өндірушілерінің бірі Махиндро Груп та зауыттарында тыныс алу аппараттарын өндіретіндерін хабарлады. 

Ұлыбританияда Формула 1 жарысында сайысатын командалардың өкілдері де медициналық жабдық өндірісіне үлес қосу үшін үкімет пен медициналық мекемелерге технология, дизайн және өндіріс қолдауын беретіндерін білдірген еді. 

ТР Денсаулық сақтау министрі де “Отандық тыныс алу аппараттарын өндіре бастаймыз” деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар