Нигерияда бір миллиард баррель мұнай резерві табылды

Нигерияның солтүстік шығысында бір миллиард баррель мөлшерінде шикі мұнай резерві табылды.

1359185
Нигерияда бір миллиард баррель мұнай резерві табылды

Нигерияның солтүстік шығысында бір миллиард баррель мөлшерінде шикі мұнай резерві табылды.

Нигерия Мұнай байлықтары мемлекеттік министрі Тимипре Слива астана Абуджада ұйымдастырылған 2020 Нигерия Халықаралық мұнай саммитінің жабылу рәсімінде жасаған мәлімдемесінде:

"Нигерияның солтүстік шығысында жасалған зерттеулер нәтижесінде аймақта бір миллиард баррель шикі мұнай резерві табылды" деді. 

Зерттеу нәтижесіне разы болғандарын айтқан Слива:

"Бұл санды мәліметтер аймақтың геологиялық құрылымын ортаға шығарды және маңыздылығын көрсетті" деді. 

Министр Слива мұнай барлау жұмыстарының жалғасатынын білдіріп:

"2002 жылы 22 миллиард баррель мұнай резервіміз бар еді. Бұл сан 2007 жылы 37 миллиард баррельге көбейді. 2007 жылдан бері тек 37.5 миллиард баррельге жоғарлады" деп көрсетті.

Нигерияда инвесторлар үшін тамаша орайлар болғанын айтқан Слива алайда экономикалық және қауіпсіздік мәселелерінің шешілуі керектігін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар