Хан: "Қытайға бізді құтқарғаны үшін борыштармыз"

Имран Хан Қытай-Пәкістан Экономикалық дәлізі жобасына айтылған сынға "мағынасыз" деп жауап берді.

1346805
Хан: "Қытайға бізді құтқарғаны үшін борыштармыз"

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Қытай мен Пәкістан экономикалық қарым-қатынастары мен Қытай-Пәкістан Экономикалық дәлізі (CPEC) жобасына айтылған сынға "мағынасыз" деп жауап берді.

Американ CNBC телеарнасына сұхбат берген Хан Пәкістан экономикалық қиыншылыққа ұшыраған кезеңде Қытайдың Құшақ-Жол жобасы және Қытай-Пәкістан Экономикалық дәлізі (CPEC) жобасы арқылы Пәкістанға көмек қолын созғанын білдіріп: "Қытайға бізді құтқарғаны үшін борыштармыз" деді.

Қытай-Пәкістан Экономикалық дәлізі (CPEC) жобасы аясында құрылған кемежай, еркін сауда аймағы және қатынас желісінің басқа елдердің инвитиция жасауы үшін орай болғанын білдірген Хан:

"Қытай Пәкістанның шетел инвесторларын тартатын жасырын күшке ие екенін байқау нәтижесінде елімізге инвестиция салып отыр" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар