Ағылшын армиясы қаржы қыспағында

Ұлыбритания соңғы 4 жылда теңізге қондырған екі ұшақ кемесіне 6 миллиард 200 миллион стерлин жұмсады.

1326236
Ағылшын армиясы қаржы қыспағында

Ағылшын армиясының қорғаныс бюджетіндегі қарыз себепті кейбір ұшақтар мен қолдау кемелері тасымалының тоқтауы мүмкін екені пайымдалды.

Financial Times газетінің хабарына қарағанда Бас Штаб төрағасы Ник Картердің шақыруымен өткен апта шұғыл жиналған қолбасшылар қарулы күштердің келер жылғы бюджетіндегі бір миллиард стерлин бостықты талқылады.

Әскери хабар көздері армияның бюджетіндегі бостықтың әлемдегі ең қымбат соғыс ұшағы F-35-терді алу және жаңа ядролық сүңгур флоты себепті қалыптасқанын білдірді. 

Ағылшын ақпараты хабарларына қарағанда премьер-министр Борис Юхансонның кеңесшісі Доминик Каммингстің қорғаныс бюджетіне байланысты зерттеу бастағаны және қарулы күштердің шығынында қосымша қысқартулар болатынын білдірді.

Ұлыбритания соңғы 4 жылда теңізге қондырған екі ұшақ кемесіне 6 миллиард 200 миллион стерлин жұмсады.



Ұқсас жаңалықтар