ТАНАП Еуропа газ жалғау рәсімі 30 қарашада Едирнеде өтеді

Рәсімге президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.

1313705
ТАНАП Еуропа газ жалғау рәсімі 30 қарашада Едирнеде өтеді

Әзірбайжан табиғи газының Еуропамен тоғысуына мүмкіндік берген Транс Анатолы Табиғи газ құбыр желісі жобасы (ТАНАП) Еуропа газ жалғау рәсімі 30 қараша сенбі күні Едирненің Ипсала ауданында өткізіледі.

Рәсімге президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.

Энергия және Табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез "Табиғи газ тарату кәсіпорны жиналысында" жасаған мәлімдемесінде:

"ТАНАП-тың Анатолыдағы сапары аяқталды, бұдан былайғы процесс Еуропаның табиғи газ талабы үшін Транс Атлантик Табиғи газ құбыр желісі жобасының (ТАП) аяқталуы керек" деп көрсетті.

Мәлімдемеде табиғи газ кіру түйіндерінің жалпы көлемі күндік 320 миллион текшеметрге жеткеніне тоқталған Дөнмез қойма базаларының көлемін кеңейту, ТАНАП және Түрік Ағымы құбыр желілерінің толық жұмыстануы арқылы бұл көлемнің 2023 жылы күндік 450 миллион текшеметрге жететінін айтты.

ТАНАП Ардаханнан Түркияға кіріп, 20 уәлаят, 67 аудан және 600 ауылдан өтеді, Едирненің Ипсала ауданынан да Еуропаға жалғанады. 

Түркия-Грузия шекарасынан Ескишехирге дейінгі алғашқы құбыр желісі 2018 жылы ашылған болатын.

Құбыр желісінен бүгінге дейін 3 миллиард текшеметр газ алынды, күнделік газ ағысы 11 миллион текшеметр өресінде жалғасуда. 



Ұқсас жаңалықтар