Украинаға "Байрактар TB2" адамсыз әуе көлігі тапсырылды

Түрік компаниясы "Байкар" Украинаға екінші мәрте "Байрактар TB2" адамсыз әуе көлігін тапсырып берді.

1292017
Украинаға "Байрактар TB2" адамсыз әуе көлігі тапсырылды

Түрік фирмасы "Байкар" Украинаға екінші мәрте "Байрактар TB2" адамсыз әуе көлігін  тапсырып берді.

Украина Әуе Күштерінің қажетін қамдау мақсатымен қаңтар айында Байкармен 6 "Байрактар TB2", 3 жерден бақылау станциясы жүйесі мен жабдықтарын қамтыған келісімге қол қойған болатын. Түрліше сынақ пен білім беру істерінен кейін наурыз айында алаңда ату сынағы арқылы тапсырыстар жасалды.

Екінші сатыдағы тапсырып беру жұмысы аясында 3 әуе көлігімен бірге симулятор, пайдалы жүк және камера жүйелері, жерден мәлімет алу терминалдері Украина Әуе Күштеріне тапсырып берілді. 

Староконстантинов Әуе базасында өткізілген қабылдау сынағында әуе көліктері мен қосымша жабдықтарының міндетті орындау күші бағаландырылды.

Тапсырып берілген көліктер Түркияда білім алуды табыспен аяқтаған әскери қызметкерлер тарапынан қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар