Түркия Қытайға сүт экспортын жасайды

Бекир Пакдемирли Қытайға сүт экспорты үшін келісім жасағандарын мәлімдеді.

1274681
Түркия Қытайға сүт экспортын жасайды

Түркия Қытайға сүт экспортын жасайды.

Түркия Ауылшаруашылық және орман министрі Бекир Пакдемирли Қытайға сүт экспорты үшін келісім жасағандарын мәлімдеді.

Пакдемирли Халықаралық сүт өнімдері федерациясы тарапынан Стамбулда ұйымдастырылған «Халықаралық сүт өнімдері саммитінде» сөз сөйледі.

Түркияның әлеуетін арттыратын бірнеше саясатты алдымыздағы күндерде жүзеге асыру үшін ымыраға барғандарын баяндаған Пакдемирли «Әсіресе ірі қара мал саласындағы әлеуетімізді арттыруды ойластырудамыз. Бұны істеген кезде мемлекетіміздің аймақтық ерекшеліктеріне де назар аударып, ет және сүтте аймақтық ынталандыру саясатын жүзеге асырамыз» деді.

Сүт өнімдеріне тоқталған министр Пакдемирли «Шетел нарығында түрік сүт өнімдерінің даңқы күн сайын артуда. Біз Орташығысқа жасаған экспорты Қиыр Шығыс елдеріне де жасауды көздеудеміз. Осы аяда Қытайға сүт экспортын жасау мақсатымен Қытаймен келісім жасадық» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар