Жаһандық экономиканың назары АҚШ пен Қытайға ауды
Үлкен жиырмалық елдер саммиті алдында назарлар әлемнің ең үлкен екі экономикасы АҚШ пен Қытайға ауды.
Екі жақты дағдарыс туғызған мәлімдемелер және бірінен соң бірі іске қосылған қосымша кеден салықтарымен асқынған екі ел арасындағы сауда соғысында АҚШ президенті Трамп пен Қытай Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің саммит кезінде жоспарланған оңаша бас қосуы аса маңызды болып табылады.
Осакада болып өтетін саммит алдында болымды мәлімдемелер келді. Пекин екі елдің сауда делегацияларының байланыста екенін жариялады.
Делегациялар келіспеушіліктерді қалай шешетіндерін қарастыруда. Келіссөздерде орын алған Қытай сауда министрі орынбасары шешімнің тараптардың жеңілдік жасауымен мүмкін екеніне назар аударды.
Трамп пен Си Цзиньпиннің өткен апта телефонмен әңгіме барысында Үлкен жиырмалық елдері саммитіндегі бас қосу шешімі үміттерді арттырды.
Ұқсас жаңалықтар
Министр Болат: "АҚШ-пен сауда көлемі артып келеді"
Сауда министрі Өмер Болат Стамбулда өткен «Trade Winds» атты іс- шарада үн қатты.
Түркия бірінші тоқсанда 1,5 миллиард доллар инвестиция тартты
Халықаралық инвесторлар қауымдастығы тікелей халықаралық инвестиция көрсеткіштерін жариялады.