Түркия мен Ирак сауда қарым-қатынастары қолға алынды

Сауда министрі Рухсар Пекжан Ирак президенті Берхем Салих пен премьер-министр Адиль Абдулмехтимен кездесті.

1222018
Түркия мен Ирак сауда қарым-қатынастары қолға алынды

Түркия мен Ирак сауда қарым-қатынастары қолға алынды.

Түркия мен Ирак лауазым иелері екі ел сауда қарым-қатынастарының және инвестициялардың арттырылуы тақырыптарын қолға алуда.

«Түркия-Ирак Бизнес Форумына» қатысу және түрлі кездесу өткізу үшін Ирактың астанасы Бағдатқа барған Сауда министрі Рухсар Пекжан Ирак президенті Берхем Салих пен премьер-министр Адиль Абдулмехтимен кездесті.

Министр Пекжанға Түркияның Бағдаттағы өкілетті және төтенше елшісі Фатих Йылдыз, Түркия-Ирак Парламенттер арасы достық тобы мүшесі депутаттары мен Түркия экспортшылар мәжілісі төрағасы Исмаил Гүлле серік болды.

Кездесуде екі ел президенті тарапынан ортаға қойылған 20 миллиард долларлық сауда көлемі нысанасы аясында сауда қарым-қатынастары мен инвестицияларының арттырылу тақырыптары қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар