Шетелдік турист саны артты

Алғашқы төрт айда турист саны 12,22 пайыз артты.

1212061
Шетелдік турист саны артты

Түркияға биылдың алғашқы төрт айында 8 миллион 735 мың 268 шетелдік турист келді. Бұл  сан туристтердің алдынғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,22 пайыз артқанын көрсетеді.

Мәдениет және туризм министрлігінің статистикасына қарағанда,  туризмде сәуір айында өткен жылдың осы айымен салыстырған турист саны 24,01 пайыз артты.

Министрлік хабарламасында «Түркияға ең көп қонақ жіберген елдер тізімінде Германия мен Ресей келеді.  Германиядан келген турист саны 50 пайыз артса, Ресейден келген турист саны 35 пайыз артты» деп айтылды.

Сәуір айында Ресейден келген туристер алда болды.  Олардың саны 391 мың 579.  Екінші орындағы Германиядан 256 мың 72 қонақ келді.  Болгария болса үшінші орында келді.  Болгариядан кейін Ұлыбритания мен Грузиялық туристер келеді.

Түркияға келген шетелдік туристер көбіне Стамбул, Анталия және Едирнеден кірді.



Ұқсас жаңалықтар