Польша АҚШ-тан F-35 соғыс ұшағын алу ойында

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блащак АҚШ-тан 32 дана F-35 соғыс ұшағын сатып алуды қалайтындарын жариялады.

1209957
Польша АҚШ-тан F-35 соғыс ұшағын алу ойында

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блащак Америка Құрама Штаттарынан 32 дана F-35 соғыс ұшағын сатып алуды қалайтындарын жариялады. 

Министр Мариуш Блащак әлеуметтік ақпарат желісінен жасаған мәлімдемесінде еліндегі Кеңестер Одағы кезеңінен қалған  қару-жарақтардың өзгеруі керектігін білдірді.

Министр Мариуш Блащак мәлімдемесінде:

"Америкалық ортақтарымызбен логистикалық және білім беру бағдарламаларымен бірге 32 дана F-35 соғыс ұшағын сатып алу талабымызды жеткіздік" деп көрсетті. 

Польша президенті Анджей Дуда өткен жылы АҚШ президенті Дональд Трампқа Польшада тұрақты бір АҚШ базасын құруды ұсыныс еткен болатын. 

Польша сонымен бірге өткен жылы Патроит әуе және зымыран қорғаныс жүйесі үшін АҚШ-пен 4 миллиард 750 миллион долларлық келісімге қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар