Türksat 5A спутнигі келесі жылы ұшырылады
Бұл туралы Türksat- тың бас директоры Дженк Шен мәлім етті.
Түркияның спутниктік операторы Türksat- тың бас директоры Дженк Шен Türksat 5A спутнигінің келесі жылдың екінші ширегінде ғарышқа ұшырылатынын білдірді.
Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда өткен Satellite 2019 көрмесінде Türksat-қа барған SpaceX басшысы Gwynne Shotwell, Türksat бас директоры Дженк Шен және Türksat бас директорының орынбасары Хасан Хүсейін Ертоктың да қатысуымен жиналыс өткізілді.
Шен Türksat 5A және 5B спутниктеріне байланысты көзқарас алмасылған жиналыстан кейін Түркияның белсенді спутник флотында 3 коммуникалық спутнигі бар екенін айтты.
Шен: «Түркияның ең маңызды спутниктік операторы Türksat ретінде көрме шеңберінде спутник өндірушілері және операторларымен кездесулер өткіздік. Кездесулер еліміз үшін сәтті өтті» деді.
Шен Türksat 5A спутнигінің 2020 жылдың екінші ширегінде Америка Құрама Штаттарының Флорида штатынан ұшырылатынын білдірді.