Хуан Гуаидо 100 мың доларға жеткен саяхат шығынын қалай төлегенін жариялаудан бас тартты

Гуаидо өзін 15 жыл бойынша мемлекеттік органдарда міндет атқарудан шектеуге байланысты шешімді танымайтынын білдірді.

1173461
Хуан Гуаидо 100 мың доларға жеткен саяхат шығынын қалай төлегенін жариялаудан бас тартты

Венесуэлада өзін "уақыттық президент" деп жариялаған оппозиция лидері Хуан Гуаидо мөлшермен 100 мың доларға жеткен шетелге саяхат шығынын қалай төлегенін жариялаудан бас тартты.

Национал газетінің хабарына қарағанда, 90-нан астам шетелге саяхат жасауы назар аударған Гуаидо мөлшермен 100 мың доларға жеткен шетелге саяхат шығынының келу қайнарына байланысты есеп беруі талабын қабыл алмады. 

Сонымен бірге, Гуаидо өзін 15 жыл бойынша мемлекеттік органдарда міндет атқарудан шектеуге байланысты шешімді танымайтынын білдірді.

Үкіметтің бақылаушысы Элвис Амаросо мемелкеттік телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде Гуаидоның Ұлттық Мәжіліс төрағасы міндеті берілмегеніне қарамай, 91 мәрте саяхатқа шыққанын және бұл үшін 570 миллион боливар жұмсағанын, бұл ақшаны жалақысымен төлеуінің мүмкін емес екенін жариялаған болатын.

Үкімет лауазымдысы Ұлттық Мәжіліс төрағасының 248 күн шетелдерде жүргенін ескертіп,

"Мал-мүлік баяндауындағы санды мәліметтерді өзгерткені және мәлімдеме жасамай, халықаралық ұйымдардан ақша алғаны мөлшерленуде" деген еді.



Ұқсас жаңалықтар