Украинаға ұшқышсыз әуе көліктері сатылады

«Байрактар TB2» типті ұшқышсыз әуе көлігі комплексі Украинада сынақтан өтеді.

1158660
Украинаға ұшқышсыз әуе көліктері сатылады

Украина президенті Петро Порошенко Түркиядан сатып алынған «Байрактар TB2» типті ұшқышсыз әуе көлігі комплексінің елінде сынақтан өткізілетінін білдірді.

Порошенко: «Түркия президентімен тапсырылуына байланысты келісілді. Байрактар ұшқышсыз әуе көлігінің сынағы жақында жүргізіледі» деді.

Петро Порошенко қаңтар айында осы тақырыпта Түркиямен келісімге қол қойылғанын хабарлаған болатын.

«Baykar» компаниясы тарапынан өндірілген Байрактар TB2-нің Украинаға сатылуы келісім шеңберінде 6 дана ұшқышсыз көлік өндіріледі және 1 жыл ішінде тапсырылады.

Көліктермен бірге 3 дана жердегі бақылауы станса жүйесі мен жабдықтары да Украинаға табыс етіледі.



Ұқсас жаңалықтар