Еуропа Одағында инфляция төмендеді

Еуропа Одағында жылдық инфляция қараша айында 2 пайызға төмендеді

1108493
Еуропа Одағында инфляция төмендеді

Еуропа Одағында жылдық инфляция қараша айында 2 пайызға төмендеді.

Еуропа Статистика Офисінің Еуропа Одағы мен Еуро аймағының қараша айындағы жылдық инфляция санды мәліметтерін жариялады.

Мәліметке қарағанда, Еуропа Одағында қазан айында 2.2  пайыз болған инфляция мөлшерінің қараша айына келгенде 2 пайызға төмендегені білдірілді.

Еуро аймағында қазан айында 2.2 пайыз болған инфляция мөлшері қараша айында1.9 пайызға төмендеді.

Еуропа Одағына мүше елдер арасында қараша айында инфляциясы ең жоғары болған Эстония, Венгрия және Руминияда 3.2 пайызға жетті.

Осы мезгілде инфляциясы ең төмен болған елдер 0.7 пайызбен Дания, 0.8 пайызбен Ирландия, 0.9 пайызбен Португалия болды.

Инфляция мөлшері қараша айында Еуропа Одағының басты экономикалық елдері Алмания мен Францияда 2.2 пайыз, Англияда 2.4 пайыз және Италияда 1.6 пайыздық өреге жетті.

Еуропа Одағы мен Еуро аймағында ақша саясатын атқаруға жауапты Еуропа Орталық Банкі аймақтың тұрақтылығы үшін көлемді алдын алу шараларын жасап жатыр.

 

 



Ұқсас жаңалықтар